Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин ережелерін елемей, той жасаған шымкенттіктер анықталды

Карантин ережелерін елемей, той жасаған шымкенттіктер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин ережелерінің сақталуын бақылауға алған. Олардың ішінде нысандардың шектеу қойылғанына қарамастан карантиндік талаптарды сақтамау жайттары орын алуда. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 20 наурыз күні Шымкент қаласында орналасқан “Royal Rose” тойханасында карантиндік талаптарды сақтамай, қызметкерлердің бір реттік пайдаланылатын бетперделерді тақпауы, қорғаныш құралдарын пайдаланбауы мен келушілердің дене қызуын өлшемей, жұмыс жасап жатқаны, сондай-ақ, 100-ден астам адам жинап, той жасап жатқаны анықталды.

Тойхана әкімшісінен түсініктеме алынып, жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті органға, яғни аудандық Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Қаратау аудандық полиция басқармасының тәртіп сақшылары азаматтарды карантин режимін сақтауға шақырады. Қала тұрғындары салынған тыйымды елемей, әлі де той-жиын өткізуді тоқтатпауда. Сол арқылы өздерінің ғана емес, өзгелердің де өмірлеріне қауіп төндіріп жатқанын ескерсе екен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру