Шымкентте карантинде келушілерді қабылдаған бардың жұмысы тоқтатылды
Шымкентте карантин талаптарын елемеген азаматтар жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері аудан аумағында кәсіптік нысандарда карантин режимінің сақталуын бақылау мақсатында мобильді топпен бірлесіп тұрақты жұмыс атқаруда. Аудан бойынша жүргізілген кезекті жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Асқарова көшесінде орналасқан «Свой» ресто-бары карантиндік шектеулерді бұзып, адамдардың көп шоғырлануына жол беріп, жұмыс істеп жатқаны анықталды.
https://youtu.be/HwjOQUlCpyA
Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысын сақтамаған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабымен шара көру үшін Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасынның қауіпсіздігін бақылау басқармасына жинақталған іс-құжаттар жолданды.