Маңғыстауда 30 наурызда бірыңғай қабылдау күні өткізіледі
2021 жылғы 30 наурызда Маңғыстауда полицейлер азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 наурыз күні «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында халықпен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев азаматтарды онлайн режимде қабылдайды.
Сонымен қатар, сол күні Маңғыстау облысының Полиция департаменті бастығының орынбасарлары мен қалалық, аудандық Полиция басқармасы мен бөлімдерінің бастықтары да азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады.
Полиция департаменті бастығының қабылдауына жазылу 8 (7292) 47 50 11, 47 51 42, 47 51 43, 47 51 33 және WhatsApp +7 775 171 68 19 телефон нөмірлері арқылы жүргізіледі.
Шалғай елді мекендерде тұратын және Департаментке келуге мүмкіндігі жоқ азаматтарды қабылдау «ZOOM» интернет-платформасының көмегімен жүзеге асырылады.