Атырауда бейнекамералардың көмегімен мас күйінде көлік тізгіндеген екі жүргізуші анықталды
Атырауда масаң күйде көлік тізгіндеген екі мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 наурыз күні сағат 02:37 шамасында Сергек бейнекамерасы Геолог шағын ауданының соңғы аялдамасында орналасқан “Рахила” дүкенінен шыққан жүрісі күмән тудыратын ер азаматтың «Toyotа» маркалы көліктің тізгініне отырғанын тіркеген. Аталған автокөлікті тоқтату мақсатында жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағдар берілді, тексеру кезінде аталған автокөліктің 39 жастағы жүргізушісінің мас күйде екені анықталды.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама толтырылып,көлік жүргізушісі сот шешімімен жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Бұдан басқа 28 наурыз күні сағат 23:01 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлеріне Балықшы мөлтек ауданы Алтынкөл көшесінің бойында кетіп бара жатқан «Lada Priora» маркалы автокөлігі күдік тудырып, жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлері тексеру кезінде аталған автокөліктің 1968 жылы туған жүргізушісінен ішімдік иісі байқалған. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес 53 жастағы азаматтың орташа деңгейде мас екендігі анықталып, аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.