Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер мен еріктілер жергілікті тұрғындарға бетперделер таратты

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері және Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, сондай-ақ қалалық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің еріктілері бірлесе отырып, коронавирустың алдын алу мақсатында жергілікті тұрғындарға бетперделер таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл бастамаға Шымкент қаласының әкімдігі қолдау білдіріп, халық жиі шоғырланатын орындарда бетперделер тегін үлестірілді. Шара барысында тұрғындарға қауіпті індетпен күресу барысында санитарлық ережелерді ұстану, сақтық шараларын қолға алу маңыздылығы түсіндірілді. 

Шымкент қаласы Полиция депаратаментінің қызметкерлері карантин режимінің жеңілдетілгеніне қарамастан, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру