Бейнеу ауданының полицейлері кезекті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды
Бейнеу ауданының полицейлері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елдің тәртібі мен тыныштығын сақтап қана қоймай, мұқтаж жандарға көмек қолдарын созып жатқан тәртіп сақшыларының игі істері көпке үлгі.
Бейнеу ауданында кезекті қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, игі іске мұрындық болғандар – полиция бөлімінің қызметкерлері.
Атап айтсақ, полицейлер 30 наурыз күні аудан орталығында тұратын әлеуметтік жағдайы аз қамтылған екі отбасыға азық-түлік жеткізіп беріп, үй иелерінің алғысына бөленді.
Бұл мұндай іс-шаралардың соңғысы емес, жақсылыққа жаны құмар тәртіп сақшылары әрдайым тұрғындардың әлеуметтік жағдайымен танысуды және оларға қолдан келгенше көмек қолдарын созып, қолдау білдіруді өздерінің парыздары деп біледі.