Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында сотталғандар арасында семинар-тренинг өткізілді

Түркістан облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында семинар-тренинг өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысындағы ИЧ-167/9 мекемесіндегі сотталғандармен психологиялық семинар-тренинг өткізілді.

Ағымдағы жыл басында Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен облыстық Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі арасындағы бас бостандығынан айыру орындарындағы және пробация қызметі бөлімінің есебіндегі сотталғандардың түзелуіне ықпал жасау және оларға психологиялық, әлеуметтік, құқықтық көмек түрлерін көрсету мақсатында өзара ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумға қол қойылған болатын.

Осы орайда, ИЧ-167/9 мекемесінің психолог мамандары, Төлеби аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерімен бірге сотталғандар арасында «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» атты семинар-тренингін өткізді.
Семинар-тренингке арнайы Төлеби аудандық ауруханасының аға психологы Зарина Кулжанова да жұмылдырылды.

Бұл тренингтің мақсаты – сотталғандарды жаңашылдыққа, инновациялық әдіс тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру, жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм сезімдерін дамыту, сондай-ақ сотталғандардың эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту болып табылады.

Тренинг барысында «Танысу», «Өзінді таны», «Тиімді қарым-қатынас орнату», «Нұрлы жүрек», «Рахмет» атты бес жаттығу түрі өткізілді.

Тренинг соңында «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының міндетін атқарушы Пердебек Ескулов:

– Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан, қолдан келгенше бір-біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс. Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі-қайырымды ісі, екіншісі-жүректен шыққан жылы сөзі. Әрқашанда бір-бірімізге жылы сөздер айтып, бір-бірімізге қайырымды болайық. Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек, – деп сотталғандарға жылы лебіздерін жеткізді.

Өткізілген іс-шараның соңында «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының міндетін атқарушы Пердебек Ескулов семинар-тренингке белсене қатысқан сотталған азаматтарға алғыс хаттар табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру