Жамбыл облысында автокөлік жолдарын тексеру кезінде 2 мыңнан астам ақау анықталды
Жамбыл облысында автокөлік жолдарын тексеру кезінде екі мыңнан астам ақау анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері қысқы кезеңде елді-мекендердің көше-жол желісіне және автомобиль жолдарына тексеру жүргізу жолымен қысқы күтіп ұстау бойынша жағдайды тұрақты негізде қадағалап отырды.
Қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығына байланысты қысқы кезеңнен кейінгі жол жамылғысының жағдайы сын көтермейді. Бұған әкімшілік полиция қызметкерлерінің автомобиль жолдарына жүргізілген тексеру жұмыстары және әлеуметтік желілердегі көптеген жарияланымдар дәлел бола алады.
– Ағымдағы жылдың үш айында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс автомобиль жолдарына 493 тексеріс жүргізіліп, тексеріспен 3088 шақырым жол қамтылды. Тексеріс барысында 2117 кемшілік анықталып, жергілікті арқарушы органдарға анықталған кемшіліктерді жою үшін 493 нұсқама жолданды. Автомобиль жолдарына қызмет көрсетудегі кемшіліктер бойынша аудандық және облыстық атқарушы органдарға 104 ақпарат жолданды, – Жамбыл облысы ПД ӘПБ бастығы Мәмбет Смаилов атап өтті.
1 сәуірден бастап ПД Әкімшілік полиция қызметкерлері жол иелері мен әкімдік өкілдерімен бірлесіп, жолдың жай күйіне көктемгі кешенді тексеру жүргізілуде. Нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы органдарға ақпараттар мен нұсқамалар жолданатын болады.