Маңғыстау облысының үздік тергеушілері марапатталды
Маңғыстау облысының үздік тергеушілері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы департамент бастығы Жанарбек Бақтыбаевтың бұйрығымен тергеу құрылымдары жұмысының дамуына қосқан зор үлесі және үлкен ұйымдастырушылық шеберліктері мен қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін бірқатар тергеушілер марапатталды.
Марапаттау рәсімін Маңғыстау облысы ПД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Амангелді Досжанов өткізді.
Маңғыстау облысы ПД Тергеу басқармасының тергеушісі М.Юсупов, Ақтау қаласы ПБ тергеу бөлімінің бөлімше бастығы Ә.Иванов және Бейнеу ауданы Пб тергеушісі А.Салауатов “Құрмет грамотасымен” марапатталса, алты қызметкер «Алғыс хатпен» марапатталды. Одан бөлек ПД басқарма, бөлім, бөлімшелерден бес полицейге арнайы Грамота табыс етілді.
– Өз борышын лайықты атқаратын, ісіне адалдық танытатын нағыз кәсіби шеберлерді мақтан тұтамыз, ел алдындағы еңбектеріңіз жана берсін. Әрқайсысыңыз қызметтік баспалдағын тергеушіден бастаған, жоғары басшылық қызметіне жетіңіздер, – деп қызметкерлерге атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді Амангелді Асқарұлы.