Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тыйым салынған өсімдікті кескен Қазалы ауданының тұрғыны анықталды

«Сексеуіл» өсімдігін кескен Қазалы ауданының тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің нұсқауына сәйкес, аудан көлемінде ағымдағы жылдың 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында «Киік» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар обьектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымының алдын-алу, анықтау болып табылады.
Жедел профилактикалық іс-шара аясында 17сәуірде полиция бөлімінің қызметкерлерімен рейдтік шара жүргізіліп, нәтижесінде тыйым салынған «Сексеуіл» өсімдігін заңсыз кескен Әйтеке би кентінің тұрғыны анықталып, айғақ зат ретінде сексеуіл тиелген автокөлігі бөлімге жеткізілді.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру