Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жол жүру ережесін бұзған көліктің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды

Шымкентте жол жүру ережесін бұзған көліктің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 18 сәуір күні сағат 15:10 шамасында жергілікті тұрғын Шымкент қаласының Полиция департаментінің «Whatsapp» желісіндегі «Жедел әрекет ету» чатына қаладағы 18 мөлтек ауданы №8 үйдің ауласында жүргізуші «Тойота Камри» маркалы автокөлігін тротуарға қойып, аталған аумақта тұрып жатқан тұрғындарға кедергі жасағаны туралы хабарлама жолдаған.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері аталған орынға жедел барды. Тексеру барысында полиция қызметкерлері жол жүру ережесін бұзған «Тойота Камри» маркалы автокөлігінің жүргізушісі анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Жергілікті тұрғындар тәртіп сақшылары аталған хабарламаға жедел жетіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткені үшін алғыстарын жеткізді.

Құрметті жол жүру қатысушылары! Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жолда мұқият болуларыңызды және жол жүру ережелерін сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру