Алматыда полицейлер ауылшаруашылық малдарын ұстау бойынша рейд өткізді
Алматыда полицейлер ауылшаруашылық малдарын ұстау бойынша рейд өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бостандық ауданының табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалау инспекциясымен бірлесіп ауылшаруашылық жануарларын ұстау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.
– Мүмкін барлық қала тұрғындары біле бермейтін шығар, бірақ Алматы аумағында ірі қара жеке үй шаруашылығында сақталады. Нұрлытау шағынауданындағы бір ғана адамда 25 бас ірі қара бар. Оларды ұстаудың, жайылымға жіберудің белгіленген ережелері бар. Жануарлар вакцинациядан өтіп, Алматы қаласының ҚПА ветеринарлық орталығында тіркелуі керек. Жануарлардың жеке төлқұжаттары, құлақ белгілері және басқа да міндетті атрибуттары болуы керек. Әрине, иелері бұл ережелер туралы біледі және оларды қатаң сақтайды. Ірі қара ұстайтын шаһар тұрғындарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Іс-шара кезінде ҚР ӘҚбК-нің 408-бабында көзделген бұзушылықтар анықталмады, – деді Бостандық аудандық ПБ ЖПҚБ экологиялық полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Жайсанбаев.