Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында профилактикалық есепте тұрған 41 адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

Ақмола облысында жыл басынан бері профилактикалық есепте тұрған 41 адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сот созылмалы маскүнем, нашақор немесе уытқұмар ретінде профилактикалық есепте тұрған адамдарды мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы Ақмола облысында учаскелік полиция инспекторларының 164 өтінішін қанағаттандырды, оның 42-сі қайта емделуге жіберілді. Учаскелік полиция инспекторларының материалдары бойынша Ерейментау ауданы Сілеті ауылының емдеу-профилактикалық мекемесіне 2021 жылдың басынан бастап соттар мәжбүрлеп емдеу үшін осы санаттағы 41 адамды жіберді.

Көптеген қылмыстар мас күйінде немесе спирттік ішімдіктерді ішу кезінде жасалады.

Осыған байланысты маскүнемдерді уақытша оқшаулау қолданылады. Жеке тәрбиелеуге келмейтін адамдарға қатысты облыстың емдеу-профилактикалық мекемелерінде мәжбүрлеп емдеу түріндегі шаралар қолданылады.

Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы өтінішті оның келісімінсіз науқастың туыстарының, еңбек ұжымдарының, полиция, прокуратура органдарының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның бастамасы бойынша науқастың тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының өкілі береді.

Заңда көзделген жағдайларда алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу мерзімі осы ұйымның орналасқан жері бойынша наркологиялық ұйым әкімшілігінің өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін
Учаскелік полиция инспекторлары алкогольдік ішімдіктерді жүйелі түрде ішетін тұрғын үй-жайларда профилактикалық жұмыстарды тұрақты негізде жүргізетіндігін атап өту қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру