Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер үйдің кіреберісінен велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады

Елордалық полицейлер үйдің кіреберісінен велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен елорданың 22 жастағы тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында жас жігіттің түскі уақытта велосипед ұрлау мақсатында тұрғын үйдің кіреберісіне кіргені анықталды. Қараусыз қалған велосипедті табуға үміттеніп, жоғарғы қабатқа көтерілген. Алайда, велосипедтердің жоқтығын көрген жігіт бірінші қабатқа түскен кезінде жаңа ғана қалдырылған велосипедті көріп, оны ұрлап кеткен.

Полиция қызметкерлерімен ұсталған күдікті кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

«Велосипед ұрлығы – маусымдық қылмыс. Олар көбінесе қоғамдық орындардан, кіреберістерден, дүкендерден ұрланады. Ұрлық меншік иелерінің өз мүлкіне салғырт қарауынан болады: қараусыз қалдырады, кейде тіпті ұрлыққа қарсы қарапайым құралдарды да пайдаланбайды», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дмитрий Демидов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру