Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаевта автокөліктердегі заттарды ұрлаған ұры ұсталды

Сәтбаевта автокөліктердегі заттарды ұрлаған ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 ақпанда Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласының ПБ автокөліктерді тонағаны туралы екі хабарлама келіп түсті.

Белгісіз біреу 31 жастағы жәбірленушіге тиесілі автокөліктің жүксалғышынан құралдар жиынтығы мен электр сорғысын ұрлап кеткен. Шығын мөлшері 50 мың теңгені құрайды.

Дәл осындай тәсілмен 32 жастағы ер адамның көлігінің жүк салғышынан құрал-саймандар жиынтығын алып кеткені белгілі болды. Жәбірленуші келтірілген шығын мөлшерін 15 мың теңгеге бағалады.

Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

26 сәуірде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру