Павлодар облысында мал иелері жауапқа тартылды
Павлодар облысында екі мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың сәуір айында Павлодар облысы Шарбақты елді мекенінің аумағында полиция қызметкерлері бақылаусыз жайылып жүрген малды тапты. Иелері жергілікті өкілді орган белгілеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұза отырып, малдарын жаюда қараусыз қалдырған.
Шарбақты аудандық ПБ-нің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлері мал иелерімен профилактикалық әңгіме жүргізді. Өздеріне берілген сегіз бас мал иелеріне қайтарылды.
Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабының 1-бөлігі (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.