Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында есірткі затын қолданған 28 жастағы ер адам 3 жылға сотталды

Түркістан облысында есірткі затын қолданған 28 жастағы күдіктіге қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ның полиция қызметкерлері жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, жол бойында тексеру жұмыстарын жүргізген. Сол сәтте Шымкент-Сарыағаш тас жолының бойында таңғы сағат 06:00 шамасында Toyota Rav4 маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру барысында Пума қызметтік ит көлік ішіне үріп, бір белгі берген. Содан соң полицейлер көлік ішін тексере келе, автокөліктің жүк салғышынан ақ пакетке салынған есірткі затына ұқсас хош иісті шөп, алдыңғы екі орындықтың ортасынан темекінің сыртына оралған хош иісті зат, артқы орындықтарының астынан екі дана таразы табылып, айғақты зат ретінде алынған.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТТБТ-ге тіркеді. Анықталған күдіктіні ПБ-не жеткізіп, істің ақ-қарасын ажыратуға бірден кірісті. Тәркіленіп, алынған заттарға медициналық сараптама тағайындалып, қорытындысына сәйкес екі келіге жуық «кептірілген марихуана» болып шықты. Осы оқиғаға байланысты заң шеңберінде сотқа дейінгі тергеу амалдары мұқият жүргізіліп, жинақталған құжаттар аудандық сотқа жолданды. Сарыағаш аудандық соты шешімімен 28 жастағы күдікті азамат ҚР ҚК-нің 296-бабына сәйкес кінәлі деп танылып, үш жыл бас бостандығынан айырылды.

Есірткі пайдалану денсаулығыңызға балта шабады. Сондықтан кез келген саналы адам есірткідей зиянды затты мүлдем тұтынбай, салауатты өмір салтын ұстану қажет.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткі қолданып, сатумен айналысу, өсіру, сақтаудың соңы заң алдында қылмыстық жауапқа тартылумен аяқталатынын ескертеді. Сол себепті, «Қылмыстың өтеуі – жаза» екендігін естен шығармайық!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру