Маңғыстау полицейлері заңсыз қызмет жасаған букмекерлік кеңсені анықтады
Маңғыстау полицейлері заңсыз қызмет жасаған букмекерлік кеңсені анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде сағат 21.30 шамасында Жаңаөзен қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері заңсыз әрекеттің жолын кесті. Букмекерлік кеңсе Жаңаөзен қаласындағы Рахат-3 шағын ауданының Жұлдыз көшесінде жұмыс істеген.
Полиция заттай дәлел ретінде 12 мониторды, 12 жүйелік блокты, бір кассалық аппаратты және екі теледидарды тәркіледі.
Материалдар шешім қабылдау үшін Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.
Маңғыстау облысының полиция басшысы Жанарбек Бақтыбаев, мұндай фактілер аз кездеспейтінін атап өтіп, азаматтарды ҚР заңнамасының нормаларын бұзбауға шақырады.