Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер жоғалған жылқыны тапты

Павлодарлық полицейлер жоғалған жылқыны тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына ауыл тұрғынынан алғыс хат келіп түсті.

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Павлодар қаласының Пб-нің кезекші бөліміне тұрғыннан Мойылды кенті маңындағы жайылымнан белгісіз адамдар үш жасар қара түсті биені ұрлағаны туралы арыз келді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Пб-нің қызметкерлері жылқыны тауып алып, иесіне сақтау қолхатымен табыстады. Иесінің қарауынсыз қалған жылқы жайылымнан алыс жерге кетіп, өзі жайылып жүргені белгілі болды.

– Учаскелік полиция инспекторлары Нұрлан Шәкенов пен Ербол Сапаровқа қызметі үшін ризамын. Ата-аналарына ұлдарын тәрбиелегені үшін рахмет, – деп атап өтті ауыл тұрғыны.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру