Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының полицейлері мұқтаж отбасыларға көмектесті

Жамбыл облысында жас полицейлер аға буынның игі дəстүрін жалғастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қасиетті Рамазан айында Жамбыл облысының полицейлері жыл сайынғы “Жақсылық жасауға асығыңыз” қайырымдылық акциясын өткізді, оның аясында көмекке мұқтаж отбасылар мен адамдарға азық-түліктер табыс етілді.

Облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері мұқтаж отбасыларға және жалғыз басты қарттарға азық-түлік себеттерін жеткізді. Мойынқұм ауданының полицейлері үлкен қазанда палауын дайындап, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың үйіне азық-түлік жиынтығымен бірге жеткізді.

Ішкі істер органының жас қызметкерлері де шетте қалмай, акцияға белсенді түрде қатысты. Жас тергеушілер, жедел уәкілдер, патрульдік полиция қызметкерлері өздерінің тәлімгерлерімен бірге таңертеңнен бастап азық-түлік өнімдерін тасымалдауға көмектесті.

– Шынайы игі істер жасай отырып, біз бір-бірімізге жақындай түсеміз. Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов жас полицейлердің патриоттық тәрбиесіне көп көңіл бөледі. Жастарды құрғақ сөзбен емес, үлгі боларлық істерді және қайырымдылық жасауды көрсете отырып, әрі сондай істерге белсенді түрде араластыра отырып, тәрбиелеу қажет. Біздің игі бастамамыз оларға үлгі болады деп үміттенеміз, – деді Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Фахритдин Шанкаров.

Осындай игі іс-шаралар барлық қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру