Жыл басынан бері Алматыға 16 мыңнан астам шетелдік келді
Жыл басынан бері Алматыға 16 мыңнан астам шетелдік келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың үш айында қалаға 16 мың 053 шетелдік азамат келді.
– ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 4 мың 641 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 344-і шетел азаматы. 81 шетелдік әкімшілік жолмен елден шығарылды. Әкімшілік тұрғыдан 29 жұмыс беруші басқа елдердің азаматтарын Қазақстан заңдарын өрескел бұзып жұмысқа қабылдағаны үшін жазаланды, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.