Алматыда қарсы бағытта көлік тізгендеген құқық бұзушы жүргізуші куәлігінен айырылды
Алматыда қарсы бағытта келе жатқан құқық бұзушы жүргізуші куәлігінен айырылып, 100 мың теңгеден астам айыппұл төлейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Апаттық жағдайды тудырған Мерседес-220 жүргізушісі тығыз көлік ағынынан шығып, қарсы жолақта қозғалуды жалғастырды. Жол ережесін бұзу көрсетілген бейнені сол көліктің жолаушысы ұялы телефон камерасына түсірген. Автокөлік Немирович-Данченко көшесімен Рысқұлов даңғылынан солға бұрылыс жасап келе жатқан.
– Әлеуметтік желіде жарияланған видеоға жауап аясында құқық бұзушы анықталды. Бұл 22 жастағы сырттан келген азамат болып шықты. Қарсы бағыттағы қозғалысқа арналған қозғалыс бөлігінен шыққаны үшін құқық бұзушыға ҚР ӘҚбК-нің 596-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жүргізушіге қатысты жинақталған материал шешім қабылдау үшін қалалық әкімшілік сотына жіберілді. Ол көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Құқық бұзушы қарсы келе жатқан жолаққа шығумен қатар, қиылысты бағдаршамның тыйым салатын белгісінен кесіп өткен, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жоқ, қауіпсіздік белдігінсіз жүріп, маневр жасап, апаттық жағдайларды тудырған. Құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл салынды, мөлшері 100 мың теңгеден асады, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.