Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында ер адам істен шыққан күйде жолда қалған көлікті ауласына сүйреп кеткен

Ақмола облысында ер адам істен шыққан күйде жолда қалған көлікті ауласына сүйреп кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Есіл АПБ кезекші бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының 26 жастағы тұрғынынан автокөлік ұрлығы туралы арыз келіп түсті. Ер адам “Екатеринбург-Алматы” автожолының 941 шақырымында істен шыққан күйде қалған “Chery” маркалы автокөлікті белгісіз біреулер ұрлап әкеткені туралы хабарлады.

Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бейнебақылау камераларының жазбаларына талдау жасау, куәгерлерге сауалнама жүргізу және басқа да бірқатар жедел іс-шаралар барысында Ақмола облысы ПД патрульдік полиция батальоны 4-взводының командирі Е.Дарбаев күдіктіні анықтады. Ол 27 жастағы Есіл қаласының тұрғыны болып шықты.

Қаскүнемнің айтуынша, шамамен таңғы сағат бесте тас жолда жәбірленушінің көлігін көріп, қосалқы бөлшектер бойынша одан әрі сату үшін автокөлікті өз ауласына сүйреп апаруды шешкен.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру