Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«102» қосымшасы арқылы алматылық тұрғындар 600-ден астам дабыл жіберді

«102» қосымшасы арқылы алматылық тұрғындар 600-ден астам дабыл жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылы «102» нөміріне 636 мың 174 қоңырау түскен, 2019 жылы 759 мың 435 қоңырау келіп түсті. Осы жылдың үш айында жедел басқару Орталығының операторлары 147 мың 247 телефон қоңырауына қызмет көрсетті.

– «102» пультіне қоңырау шалу санының төмендеу тенденциясы байқалады, негізінен ішкі істер органдарының сандық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, полициямен байланыстың баламалы тәсілдерін ұсынуымен қатар, оның ішінде хабарларды барлық арнадан қабылдау азаматтарға Ішкі істер министрлігі енгізген «102» қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Үстіміздегі жылдың 1 ақпанынан бастап Алматы қалалық Полиция департаменті ЖБО азаматтардан хабарламаларды көрсетілген ресурс арқылы көп арналы қабылдау бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 19 жұмыс орны жұмыс істеп жатыр, өтініш берушіге хабарламаның қабылданған шаралары туралы хабарлау және полициямен видео, қоңырау, аудио немесе СМС-хабарламалар арқылы байланысуға мүмкіндік береді. Қосымша арқылы алынған ақпарат ЖБО электронды картасына енгізіліп, оқиға болған жерге байланысты аумақтық полиция Басқармасына шара қолдану үшін жіберіледі, ол туралы өтініш берушіге хабарлама беріледі, – деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД Жедел басқару орталығының бастығы Андрей Квашнин.

Алматы қалалық ПД ЖБО-ның «102» қосымшасы арқылы азаматтардан хабарламаларды бір арналы қабылдау жобасы жүзеге асырыла бастағаннан бері 600-ден астам хабарламалар келіп түсті, оның ішінде 120 бейнеқоңырау, 430 мәтіндік хабарламалар және 60 аудио хабарлама.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру