ШҚО-да мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті
Шығыс Қазақстан облысында жүргізуші мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасап, қашып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде сағат 20:00 шамасында Көкпекті ауданындағы Көкпекті-Васильев өткелі автожолында жол-көлік оқиғасы орын алды.
– 35 жастағы автокөлік жүргізушісі мас күйінде жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан ізін суытқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 20 жастағы жаяу жүргінші өмірге сәйкес келмейтін дене жарақатынан ОАА жансақтау бөлімінде қайтыс болды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі 3-бөлігі бойынша көлік құралдарын жүргізуші адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан масаң күйде жол жүрісі қағидаларын бұзуы және ҚР ҚК-нің 347-бабы бойынша жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция қызметкерлерін қабылдаған шаралармен автомобиль жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, «күзетпен ұстау» шарасы қолданылды.
Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ЖКО-ға жол бермеу және жақындары мен туыстарының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында ШҚО Полиция департаменті әрбір азаматқа жол жүру ережелерін сақтауды және маневр жасау кезінде жол және метеорологиялық жағдайларды ескеруді ұсынады.