Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 60-тан аса полицей марапатталды

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні құрметіне орай, СҚО Полиция депарментінде жеке құрам жиналысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев барлығын мерекемен құттықтады, сондай-ақ мінсіз қызметі үшін бірнеше қызметкерді марапаттады.

Офицерлер, сержанттар, әкімшілік мемлекеттік қызметшілер, ардагерлер мен мектеп оқушылары – мерекелік даталардың құрметіне орай облыстық полиция басшысы 60-тан аса адамды марапатады. Медальдар, төс белгілер, құрмет грамоталары, алғыс хаттар және жұлдызды погондар – Ұлы Жеңістің 76 жылдығы көптеген полицейлердің есінде мәңгі сақталмақ. Облыстық Полиция департаментінің қызметкері Олег Гурский мерзімінен бұрын «полиция подполковнигі» арнаулы атағын алды. Сондай-ақ, қалалық ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторлары апалы-сіңлілі Алтынгүл Арынғазинова мен Бақытгүл Қасенова да «полиция подполковнигі» атағына ие болды. СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Жарасбаев облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың Құрмет грамотасымен, ал СҚО ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының аға инспекторы полиция капитаны Нұрлан Ауғанбаев Алғыс хатымен марапатталды.

Жеңіс күні қарсаңында ішкі істер органдарының қызметкерлері мен қызметшілері балалары арасында «Соғыссыз әлем» тақырыбында өткізілген балалар суреті конкурсының қорытындысы іс-шараның тартымды тұсы болды. Конкурсқа облыстың барлық аудандарынан 60 бала қатысты. 5-8 жас ерекшелігінде бірінші орынды иеленген Қызылжар ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Ерлан Барбановтың қызы Аяла Ерғалиға құнды сыйлық сыйланды. 9-12 жас аралығында бірінші орынды Тайынша ауданы полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Асқар Тұрлыбаевтың қызы Нұрайым Тұрлыбаева және Қызылжар ауданы полиция бөлімі кезекші бөлімінің аға инспекторы Марлен Бекеновтің қызы Аружан Бейсенбай бөлісті. 13-15 жастағылар ішінде де полиция майоры Марлен Бекеновтің ұлы жүлделі бірінші орынға ие болды. «Шығармашылық өнері үшін» номинациясында Қызылжар ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы полиция капитаны Серік Жұлтановтың баласы Батырхан Байсалдың еңбегі бағаланып, сыйлыққа ие болды.

Жиналыс соңы облыстық полиция ведомствосының үрмелі аспаптар оркестрі мен мәдени орталықтың вокалдық тобы дайындаған концерттік нөмірлермен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру