Павлодарлық полицейлер бір күнде жоғалған 3 баланы тапты
Павлодарлық полицейлер бір күнде жоғалған үш баланы тауып, жанұяларына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың басынан бастап Павлодар облысының полициясына кәмелетке толмағандардың хабар-ошарсыз жоғалғаны туралы 43 өтініш келіп түсті, қазіргі уақытта барлығы табылып, туыстарына қайтарылды. Тек бір күннің ішінде облыс орталығының полициясына кәмелетке толмағандардың жоғалғаны туралы бірден үш арыз түсті, үшеуі де үйге оралды.
Бірінші жағдайда полицияға 15 жастағы қыздың әкесі жүгінді. Әкесінің айтуынша, жұбайы екеуі ажырасқан, анасы Шарбақты ауданының ауылында тұрады. Түстен кейін қызы анасына қонаққа баратынын айтқан. Кешке әкесі қызына хабарласа алмаған. Әкесі қызының полицияға жоғалғаны туралы арыз жазды. Бұл жағдайда қызы әкесін анама барамын деп алдап, іс жүзінде досымен кездесіп, қалада серуендеген. Келесі күні сағат 10:00-де ол үйіне оралды.
Екінші жағдайда жетінші сынып оқушысының анасы полицияға жүгініп, ұлының жүйелі кетуіне шағымданды. Полиция қызметкерлері оны Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханалардың бірінен тапты. Бала өзі қалаға жол жүрген, абайсызда аяғын сындырып, жергілікті медициналық көмекке жүгінген. Бала басқа қалаға қалай кеткенін және кету себебі неде екенін полиция қызметкерлері анықтауда.
9 мамыр күні сағат 04:30-да павлодарлық 14 жастағы қызын іздеуге көмек сұрады. 8 мамырда ата-анасымен жанжалдан кейін қызы үйден кетіп, ұялы телефонын үйде қалдырғаны анықталды. Жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қыз бала Павлодар ауданындағы ауылдардың бірінен табылды. Жедел уәкілдер анықтағандай, ол досына барған.
– Кәмелетке толмағандар жоғалып кетсе, іздеу шаралары дереу ұйымдастырылады. Еріктілер ұйымдары тартылып, оларды табу үшін барлық әдістер қолданылады. Әрине, полиция үшін кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу басымдыққа ие. Егер бала үйден кетіп қалса немесе үйден қашып кетемін деп қорқытса – бұл әрекеттерін міндетті түрде ескеріңіз. Балаңызбен сенімді қарым-қатынаста болуға тырысыңыз, сонда ол сізге өз өміріндегі барлық теріс фактілер туралы айтады, – деді ювеналдық полицияның ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина.