«Қауіпсіз жол»: Алматыда жолды дұрыс кесіп өтпегені үшін 233 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды
«Қауіпсіз жол»: Алматыда жолды дұрыс кесіп өтпегені үшін 233 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рейдтік іс-шаралар шеңберінде полицейлер қаладағы апат деңгейіне әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған алдын алу іс-шараларын өткізеді.
– 17 мамыр мен 16 маусым аралығында жүргізушілер арасындағы көліктік тәртіпті жақсарту және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында ішкі істер органдарының барлық жұмыс бағыттары бойынша басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп кең шараларды қабылдайды. Полиция қызметкерлері жол қозғалысын қадағалауды күшейтті. Ең басты міндет жол ережелерін бұзудың алдын алу, әсіресе жылдамдықты асыру және қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу. Сондай-ақ, жүк көліктері мен мотоциклдерге ерекше назар аударылады. Біз жүргізушілерді рөлге сау және сергек болып отыруға, рұқсат етілген жылдамдықтан асырмауға, рөльде отырғанда жан-жаққа алаңдамауға және шыдамдылық танытуға, бір-біріне деген құрметпен қарауға шақырамыз, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік ПБ-ның бастығы Жандос Мұратәлиев.
Үш күн ішінде 1252 жол қозғалысы ережесін бұзу анықталды.
Соның ішінде:
– заңсыз қайта жабдықтау (ҚР ӘҚбК-нің 590-бабы 7-бөлімі) – 21;
– жүргізушінің телефонды қолдануы (ҚР ӘҚбК-нің 59-бабы 1-бөлімі) – 201;
– қауіпсіздік белдіктерінің пайдалану ережелерін бұзу (ҚР ӘҚбК-нің 593-бабы) – 277;
– тыйым салынған бағдаршамның дабылына өту (ҚР ӘҚбК-нің 599-бабы) – 24;
– қозғалыста жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу (ҚР ӘҚбК-нің 600-бабы) – 69;
– апаттық жағдайдың туындауына әкеліп соқтырған жол қозғалысы пайдаланушыларының жол қозғалысы ережелерін бұзуы (ҚР ӘҚбК-нің 606бабы) – 83;
– мас күйінде көлік құралын басқару (ҚР ӘҚбК-нің 608-бабы) – 16;
Сонымен қатар 173 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.