Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда “Hi-tech” іс-шарасы барысында 68 алаяқтықтың фактісі тіркелді

Қостанайда “Hi-tech” іс-шарасы барысында 68 алаяқтықтың фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 12-14 мамыр аралығында облыс аумағында ақпараттық технологияларды, оның ішінде интернет-алаяқтығын пайдаланумен жасалған құқық бұзушылықпен күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған, республикалық “Hi-tech” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Қостанай облысы ПД КПБ киберқылмыспен күрес бөлімі қызметкерлерімен ЖПІШ үш күн ішінде 68 қылмыс анықталып, тіркелді. Оның ішінде интернет алаяқтықтың 67 фактісі, ҚР ҚК 399-бабының 1-бөлімі (Арнайы техникалық құралдырды өткізу) бойынша бір факті. Бұрын жасалған 30 қылмыс ашылды.

Жүргізілген ЖПІШ барысында жасырын ақпарат алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз өткізу фактісі анықталды (ҚР ҚК 399-бабы). Қостанай қаласының тұрғыны OLX.KZ сайтына хабарландыру беру арқылы бір данада USB сымын, салынған камерасы бар брелок сатқан.

Мәселен, БАҚ-та бұрын бізбен аталған фактілер бойынша ЖПІШ кезеңінде қосымша бес факті анықталды. Сондай-ақ 2020 жылдың қараша айынан бастап 2021 жылдың сәуір айына дейін түрлі абоненттік нөмірлерді пайдалана отырып, “OLX” сайтында хабарлама орналастыру арқылы республиканың әр қалаларында (Қостанай, Павлодар, Петропавл, Көкшетау және Нұр-Сұлтан қ.) төмен бағамен жоқ пәтерлерді жалға берумен айналысқан Қостанай қаласының 20 жастағы тұрғыны анықталды. Азаматтарды қызықтыру үшін алаяқ қымбат пәтерлердің суретін пайдаланған. Қаскүнемді ұстай кезінде бес ұялы телефон, екі банк картасы және сегіз сим-карта тәркіленіп алынды. Банк картасына түскен ақша қаражаттарына жүргізілген талдау, алаяқтың шотына 2000-нан 55 мың теңгеге дейін түскенін көрсетеді, барлығы шотқа 1 500 000 теңге түскен. Алаяққа қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шаралар қабылданған және ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен онлайн-несиені рәсімдеумен байланысты 57 интернет-алаяқтығы анықталған. Жәбірленушілер Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Әлеуметтік желілерден алған азаматтардың жеке деректерін пайдаланып, 26 және 32 жастағы астана тұрғындары 2020 жылдың қазан айынан 2021 жылдың сәуір айына дейінгі кезеңде несие алған. Қарыз 100-ден 300 мың теңгеге дейін құраған. Барлығы шығын саны жеті миллион теңгеге жеткен. Құрбандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін.

Кез-келген азамат жасына, жағдайына, ұлтына және т.б. қарамастан, алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін.

Алаяқтың құрбаны болмас үшін жеке куәлігі мәліметтерін, ЖСН, ЭЦҚ, төлемдерді растайтын смс-хабарламалар,  пароль, мүлік пен автокөлік құжаттарының мәліметтерін, банк карталарының мәліметтерін (иесінің тегі, аты-жөні, ЖСН, CVV картасының екінші жағындағыүш таңбалы нөмірін) таратпау қажет.

  • бөгде адамдарға банк картосы мен жеке куәлігінің суретін жібермеңіздер.
  • үшінші тұлғаларға сіздің абаненттік нөміріне келген смс-кодтарды жібермеу қажет.
  • ұйым туралы ақпарат білмей, жеке құжаттарды ешкімге жібермеу қажет.
  • бөгде адамдарға Qiwi-кошелекке ақша қаражаттарын аудармаңыздар.
  • тауарды сатып алу (сату) және әлеуметтік желілер арқылы ұзақы және қысқа мерзімге пәтерді жалға беру кезінде алдын-ала төлем жүргізуге келіспеңіз.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру