Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында түркістандықтан 6,5 келіден астам есірткі заты тәркіленді

Жамбыл облысында түркістандықтан 6,5 келіден астам есірткі заты тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 16 мамырында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Тараз қаласының автобекеті аумағында Түркістан облысының 55 жастағы тұрғынының басқаруындағы Mazda маркалы автокөлікті тоқтатты.

Аталған көліктің салонынан полиэтилен пакетке салынған жалпы салмағы алты келі 655 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.

– Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы қылмысты жасағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ұсталған ер адам өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, – деді Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру