Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан қалалық пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастырды

Түркістан қалалық пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жұмыссыздықтың салдары адамдарды көбінесе қылмысқа итермелейтіні белгілі. Осы орайда Түркістан облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметі есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандар саны алты пайызға артқан.

Атап айтар болсақ, Түркістан қалалық пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа тұрғызу жұмыстарын жүйелі түрде атқарып келеді. Мәселен, пробация қызметі 2020 жылы елімізде пандемия орын алғанына қарамастан, 127 сотталғанды квота бойынша тұрақты жұмысқа орналастырды.

Ал, биылғы жыл басынан бері, пробация қызметінің арқасында есепте тұрған жұмыссыз 136 сотталған квота арқылы жұмысқа орналасып үлгерді.

Соның ішінде, Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұратын сот үкімімен бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген жұмыссыз жүрген сотталған екі азамат “Түркістан-Су” ЖШС-нің бұйрығымен слесарь болып квотамен тұрақты жұмысқа орналастырылып, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек түрлері көрсетілді.

– Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың “Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін 2021 жылға арналған жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы” 2021 жылғы 4 мамырдағы № 793 қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұратын сот үкімімен бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробация бақылау белгіленген жұмыссыз жүрген сотталғандарды жұмыспен қамтыға тырысудамыз. Атап айтар болсақ, сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу, оларды жұмыспен қамту мәселесі барлық пробация қызметкерлерінің басты тапсырмсының бірі, – дейді Түркістан қалалық пробация қызметінің инспекторы Мадина Жақсылықова.

Пробация қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында есепте тұрған сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау дерегі азайып, оң нәтиже көрсетіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру