Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте несие алып беремін деп тұрғынды алдап кеткен алаяқ ұсталды

Шымкентте несие алып беремін деп тұрғынды алдап кеткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 19 мамырда Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық ПБ-ның 102 сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында мемлекет тарапынан қайтарымсыз несие алып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 50 мың теңге ақшасын есеп шотына аударып алып, осы күнге дейін берген уәдесін орындамай, қаржысын қайтармай қашып жүргенін жазып көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру