Ақмола полицейлері 30-ға жуық пәтер ұрлығын ашты
Ақмола полицейлері 30-ға жуық пәтер ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Пәтер ұрлығының жолын кесу және алдын алу, сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында ағымдағы жылғы 19-21 мамыр аралығында Ақмола облысының аумағында «Пәтер»жедел-алдын алу іс-шарасы өтті.
Жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу аясында Ақмола облысы ПД полиция қызметкерлері жедел және басқа да қажетті іс-шаралар кешенін жүзеге асырды, пәтер ұрлығына күдіктілер мен басқа қалалардан келген іздестіріліп жатқан қылмыскерлердің тізімін жасады, сондай-ақ күзет агенттіктерімен бірлесіп пәтер ұрлығының алдын алу бойынша халықпен түсіндіру әңгімелерін өткізді.
«Пәтер» жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша үш күн ішінде облыс полицейлері кезекшілік тәулікте 14 фактіні ашты. Бұдан басқа, бұрын жасалған төрт пәтер ұрлығы, «өткен» санатындағы сегіз пәтер ұрлығы ашылды.
Сондай-ақ криминалдық полиция мен жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінен арнайы құрылған мобильдік топтар ұрланған мүлікті сатумен айналысқан адамдарды, олардың ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексерді, күдікті адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартты, сондай-ақ ұрланған заттарды өткізу және сатып алу орындарын тексерді.