Шымкентте 300 адамға той жасағандар анықталды
Шымкентте 300 адамға той жасағандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 22 мамырында сағат 16:00-де аудан аумағында орналасқан «Париж» тойханасы карантиндік шектеулерді бұзып, «Үйлену той» өткізіп жатқанын анықтады. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына бағынбастан, ұйымдастырушы тойға 300 адамнан аса қонақ шақырған.
Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырған тойхана әкімшісі түсініктеме жазудан бас тартқандықтан, акт түзілді. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бекітілген қаулыны ескермей, әлі той-жиын өткізіп жатқан тұрғындарға бұл өздерінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндіріп жатқанын ескертеді.