Мас күйінде мотоцикл мінген павлодарлықтың көлігі айыптұраққа қойылды
Мас күйінде мотоцикл мінген павлодарлықтың көлігі айыптұраққа қойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
- 25 мамырда Успен ауданының полиция қызметкерлері мотоциклді тоқтатты, оның жүргізушісі қатты мас екені анықталды. Ер адам достарымен ішкенін айтты, содан кейін үйге баруды шешті. Тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды, - деп атап өтті Успен ауданының полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Әсет Садықов.
Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында аудан аумағында "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілетінін еске салды.