Қостанай полицейлері 17 есірткіге қарсы құқық бұзушылықты анықтады
Қостанай полицейлері 17 есірткіге қарсы құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 24-28 мамыр аралығында Қостанай облысының аумағында “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың ресми айналымы саласына тартылған емдеу-профилактикалық мекемелер мен субъектілерге тексеріс жүргізілді.
ЖПІШ жүргізу барысында барлығы 17 есірткіге қарсы құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде: есірткі құралдары айналымы ережесі бұзушылықтарының екі фактісі (ҚР ҚК 303-бабы); дәрі-дәрмек құралдары мен фармацевтік қызмет ережесі бұзушылықтарының бес факті (ҚР ӘҚжК 426-бабы) және есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы нысандар мен мекемелердің техникалық жабдықталу талаптары бұзушылықтарының бір фактісі (ҚР ӘҚжК 427-бабы).
Сонымен қатар ҚР ҚК 297-бабы (есірткі құралдарын сату) бойынша төрт факті және ҚР ҚК 296-бабы (есірткі құралдарын сақтау) бойынша бес факті тіркелген.
Ағымдағы жылы заңсыз айналымнан 14 кг артық түрлі есірткі құралдары тәркіленіп алынды, есірткі сатумен байланысты 57 факті, аса ірі көлемде сақтаудың 12 фактісі, контрабанданың 12 фактісі және 109 есірткі қылығы тіркелді.