Бетпердесіз жұмыс істеген: Шымкентте карантин талаптарын сақтамаған кезекті рестобар анықталды
Шымкентте карантин талаптарын сақтамаған кезекті рестобар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 4 маусымында сағат 00:30-да Тәуке хан даңғылы №277 үйде орналасқан «Пандора» рестобары карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқанын анықталды. Қызметкерлер мен даяршылар рестобар ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсетуде. Сондай-ақ тиісінше тыйым салынғанына қарамастан келушілерге қорқор ұсынғаны да белгілі болды.
Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған рестобар әкімшісі түсініктеме жазудан бас тартуына байланысты үстінен акт түзілді. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.