Павлодарда түнгі уақытта алкоголь сатқан дүкен иесі анықталды
Павлодарда түнгі уақытта алкоголь сатқан дүкен иесі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алкогольдік өнімді іске асыруда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауда Павлодар қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бақылап отырады. Рейдтік іс-шаралар барысында Павлодар қаласы ПБ Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері заңнама талаптарын бұзудың кезекті фактісін анықтады.
– Павлодар қаласы Кустанайская көшесі бойынша орналасқан дүкеннің иесі сағат 22:00-ден кейін 40% жоғары деңгейде спирттен тұратын алкогольдік өнімді тұрғынға сатқан. Осы факт бойынша жеке кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚБтК 200-бабының 3-бөлімі бойынша әкімшілік материал жинақталды және қарастыру үшін Павлодар қаласының арнаулы әкімшілік сотына жіберілді, – деп пайымдады Павлодар қаласының ПБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.
Павлодар қаласының полициясы 21 жасқа дейін жастағы тұлғаларға алкогольдік өнімді іске асыру, сондай-ақ белгілі уақытта мейрамханалар, барлар мен дәмханаларды қоспағанда, алкогольдік өнімді бөлшек саудада өткізу үшін ҚР ӘҚБтК 200-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. –
– Алкогольді заңсыз іске асырғаны үшін жеке тұлғаға айыппұл 19 АЕК, кіші кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 80 АЕК көлемінде анықталды. Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне лицензия күшін тоқтатумен 120 АЕК төлеулері мүмкін, – деп түсіндірді Павлодар қаласының Жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.