Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында «Автобус» іс-шарасы барысында ЖҚЕ бұзудың 76 фактісі тіркелді

Қызылорда облысында «Автобус» іс-шарасы барысында ЖҚЕ бұзудың 76 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өтіп жатқан «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының бір күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 76 дерегі анықталды.

Оның ішінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзған, тасымалдау кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзған бір жүргізушіге, заңсыз қайта жабдықтаған алты адамға, рейс алдындағы қарап тексеруден өтпеген екі жүргізушіге, міндетті техникалық байқаудан өтпеген – 13, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған – 15 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар белгіленген жылдамдықты асырған бір жүргізуші, маневр жасау ережесін бұзған – 10, ҚР-ның міндетті сақтандыру заңнамасын бұзған бес, жолаушыларды заңсыз тасымалдаған үш жүргізуші анықталып, хаттамалар толтырылды.

Мысалы, Самара-Шымкент тас жолында Арал қаласынан Шымкент қаласына жол жүріп баражатқан салонында 10 жолаушысы бар Mercedes Sprinter автокөлігі белгіленген жылдамдықты асырған. Жолаушылардың өміріне қауіп төндіріп, көлік басқарған жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жүргізушіге ҚР ӘҚБТК-нің 592-бабының 1-бөлігімен хаттама рәсімделді.

Іс-шара мауысымның 11-не дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру