Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер Макаров тапаншасынан оқ атудан жарысты

Қостанайлық полицейлер Макаров тапаншасынан оқ атудан жарысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев Қазақстан полициясы күніне арналған іс-шараны ашты. 

– Бұл чемпионатты біз жыл сайын облыстық Полиция департаментінің құрама командасына кіру және ІІМ республикалық чемпионатында өңіріміздің намысын қорғайтын мықты және үздік атқыштарды анықтау үшін өткіземіз, – деді Ардақ Ынтықбаев.

«Динамо» ДШСҚ Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, жарыстың бас төрешісі Виктор Чернявский полиция қызметкерлеріне жарыс регламенті туралы айтып берді.
Іріктеу іс-шарасына облыстың қалалары мен аудандарынан, сондай-ақ облыстың ПД қызметтерінен 21 команда қатысты.

Әйелдер арасында бірінші орынды Алена Полюхова (облыстық ПД) жеңіп алды. Екінші орында Қостанай қ. ПБ қызметкері Екатерина Деткова. Үшінші орын Қарасу полиция бөлімінен Сәуле Қуснияроваға бұйырды.

Ерлер арасында атудан Кайрат Ашимов (облыстық ПД) үздік деп танылса, екінші және үшінші орындар ЖҚАЖ қызметкерлері Нарболат Акпасов пен Арман Акдаулетовке берілді.

– Макаров тапаншасынан оқ атумен төрт жыл бойы айналысып келеді. Тұрақты дайындық өз нәтижесін беруде – Қостанай құрамасы бірнеше рет республикалық жарыстарда жеңіске қол жеткізген. Нысаналарға дәл тигізу үшін өзін-өзі ұстай білу керек. Сол кезде нәтиже болады, – дейді Кайрат Ашимов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру