ШҚО-да бұрын сотталған ер адамнан револьвер, тапанша-қалам мен оқ-дәрілер тәркіленді
ШҚО-да бұрын сотталған ер адамнан револьвер, тапанша-қалам мен оқ-дәрілер тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 17 мамырынан бастап бүкіл республика аумағында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, оның негізгі міндеттері заңсыз айналымнан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді алу болып табылады.
Ағымдағы жылдың 11 маусымында ПД Криминалдық ПБ-ның жедел уәкілдеріне үйінде атыс қаруын сақтайды деген ер адамға қатысты жедел ақпарат келіп түсті. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында 26 жастағы жергілікті тұрғыннан оқ-дәрілермен жабдықталған револьвер, сондай-ақ автоқалам ретінде жасырылған қолдан жасалған атыс қаруы тәркіленді.
Жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша қолдан жасалған қалам – 5,6 мм калибрлі бір оқтаулы тапанша екені анықталды, револьвер 9 мм калибрлі газ патрондарымен атуға жарамды болып шықты.
– Аталған ер адам бұрын сотталған, қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Тергеу органы одан тыйым салынған заттарды табуға байланысты барлық мән-жайларды анықтайды, – деді Шығыс Қазақстан облысы Департаментінің бастығы Сағат Мадиев.
Жедел-алдын алу іс-шарасы басталғанннан бері 28 күн ішінде ШҚО полицейлері заңсыз айналымнан 58-ден астам атыс қаруын, оның ішінде түрлі модификациялы және калибрлі шолақ мылтық, тапаншалар мен ойық мылтықтар алынды.