Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада әйел туысына дене жарақатын салды деген күдікке ілінді

Ақмолада әйел туысына дене жарақатын салды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 14 маусымында Жақсы АПБ полиция бөліміне аудандық орталық аурухананың дәрігерінен қабылдау бөліміне 36 жастағы әйелдің «іштің жабық жарақаты, ұрық дамуының тоқтауы» диагнозымен жүгінгені туралы хабарлама келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жәбірленушінің күйеуінің 41 жастағы әпкесін анықтады, ол 13 маусымда ауызша жанжал кезінде туысының іш аймағына дене жарақатын жасаған. Ол кезде күдіктінің де, жәбірленушінің де жүктілігі туралы білмейтіні анықталды.

Аталған факті бойынша аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімі ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі іс бастады. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процесуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру