ШҚО-да 70-тен астам сотталушыға орта білім туралы аттестат табысталды
ШҚО-да 70-тен астам сотталушыға орта білім туралы аттестат табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кешкі мектептің бірінің директоры түлектерді құттықтап, оларға аттестаттарды табыс етті.
ОВ 156/6 түзеу мекемесінің жанындағы кешкі мектепті бітірген он бес сотталған адамға орта білім туралы аттестаттар табыс етілді. Сотталушылар жақын арада босатылатындықтан, олар үшін қорытынды мемлекеттік емтихан тапсыруды ұйымдастырды. Биыл облыс бойынша 70-ке жуық сотталушы оқуды аяқтады, олар тағдырдың қалауымен темір тордың арғы жағында білім алып шықты.
Мектеп мұғалімдері бір жарым жыл бойы қашықтықтан сабақ берді. Бұл білім беру процесіне өз қиындықтарын әкелді, бірақ соған қарамастан жүздеген сотталғандарға түзету жолына түсуге мүмкіндік берді.
Мектеп директоры Ақтау Бексолтанов түлектерге заңға бағынатын өмір салтын ұстануды және ешқашан бас бостандығынан айыру орындарына оралмауды тіледі.
Сотталғандар өздерінің мұғалімдеріне алғыс айтып, барлық тілектерді міндетті түрде орындайтынына сендірді.
– Айта кету керек, 2021 жылы Шығыс Қазақстан облысында 70-тен астам сотталған орта білім туралы аттестат алды. Ал облыс бойынша түзеу мекемелерінде 210-нан астам сотталған білім алады, -деді Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Жанболат Қалетаев.