Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Интимді массаж салонын Алматы қаласының полициясы анықтады

Интимді массаж салонын Алматы қаласының полициясы анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жолы ол Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасты.

– «Стоп Трафик» жедел алдын алу іс-шарасы барысында біздің бөлімнің қызметкерлері боди-массаж жасайтын салонды анықтады, оның негізгі профилі, ақшалай сыйақы үшін интимді қызметтер көрсету болды. Нысанды тексеру кезінде мекеме әкімшісі және салонда массажист ретінде жұмыс істейтін алты қыз ұсталды. Олардың жасы 20-дан 27 жасқа дейін, Алматы және Ақтөбе облыстарынан келген. Әйелдер әртүрлі инфекциялардың, оның ішінде коронавирустың жұқтыру қаупін ескермей, ақша табу мақсатында клиенттерді қабылдады, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Салон қызметкерлері жеке басын анықтау және полиция жазбаларынан тексеру үшін Бостандық аудандық ПБ-на жеткізілді. Интимдік кәсіпті ұйымдастырушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру