Теміртауда такси жүргізушісінің әмиянын ұрлаған әйел анықталды
Теміртауда такси жүргізушісінің әмиянын ұрлаған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 маусымда 28 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне хабарласып, жеке көлігінен ақша ұрланғаны туралы айтты. Жәбірленуші жеке такси болып қызмет атқаратындықтан көлігімен бірнеше рет адам тасымалдаған. Кешке ол үйіне бара жатып, 50 мың теңгені құрайтын ақшасы бар әмиянның жоғалып кеткенін анықтады.
Ұрлықты көлікке мінген клиенттердің бірі жасаған. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Келесі күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция ұры клиентті анықтап, ұстады. Бұл кінәсін мойындаған 28 жастағы әйел болып шықты. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.