Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер қаза тапқан әріптесінің отбасына барды

Қызылордалық полицейлер қаза тапқан әріптесінің отбасына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстaнда жыл сaйын 23 маусым күні кәсiби мереке – Қазақстан полициясы күні аталып өтiледі.

Мереке қарсаңында Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре бастаған қызметкерлер тобы қызмет бабында қайтыс болған полиция лейтенанты Талғат Қозыбаевтың ата-анасын арнайылап құттықтау үшін Сырдария ауданына жол тартты.

Сын сағатта ерлік көрсетіп, өмірін қиып, ел азаматын қорғап қалған, елінің каhарманы, II-ші дәрежелі «Айбын» орденінің иегері полиция лейтенанты Талғат Қозыбаевтың шаңырағына ат басын тіреді. Сақшылар Талғатты тәрбиелеген ата-анасына, ұлына алғыстарын білдіріп, сыйлықтарын ұсынды. Бүгінгі таңда Алмат Сырдария аудандық полиция бөлімінде анықтаушы болып қызмет етіп жүр.

Айта кетейік, қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан Талғат Қозыбаевтың есімі Сырдария ауданының Мәлібаев ауылындағы көшелердің біріне берілді. Сондай-ақ оның оқыған № 135 орта мектебінің ауласында ескерткіш орнатылып, мектеп сыныптарының біріне аты берілді.

– Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына ерекше көңіл бөледі. Қазақстан полициясы күні біз әріптесіміз Талғат Қозыбаевтың шаңырағына арнайы ат басын бұрып келіп отырмыз. Учаскелік полиция инспекторы аға лейтенант Талғат Есентайұлы қайтыс болғаннан кейін екінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Қызылорда облысында қызметтік борышын өтеу кезінде бес полиция қызметкері қаза тапты. Адамзаттың өмірін аман сақтаймын деп, антына берік, еліне адал қызмет үстінде адам өмірі үшін жанын қиған әріптестеріміздің ерлігі мен  батырлығы біздің есімізде мәңгі сақталады. Ерлігі ешқашан ұмытылмайтын ерлерді ұлықтау біздің азаматтық парызымыз, – дейді ПД бастығы Бектөре Сұлтан. 

Бұл күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан Отан алдындағы борышы мен қызметтік парызын мінсіз атқарған тәртіп сақшыларын марапаттады.

Ішкі істер министрінің құзырымен департаменттің 28 қызметкері марапатталса, Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтанның бұйрығымен 172 қызметкер және ішкі істер органдарының 16 ардагері марапатталды.

Штаттық лауазымы бойынша көзделген атақтан бір саты жоғары полиция подполковнигі арнаулы атағы Қазалы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ұлықбек Бердібайға және Шиелі аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімі бастығы Бақытжан Абсаттаровқа берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру