Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында есепте тұрған сотталғандар кәсіп ашуға қажетті қағидалармен танысты

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында есепте тұрған сотталғандар кәсіп ашуға қажетті қағидалармен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметтерінің ықпалымен пробация есебінде тұрған сотталғандарды жұмыспен қамтып, сондай- ақ олардың жеке кәсіптерін ашуларына көмек беру – істі болған азаматтардың арасындағы қайта қылмыстың алдын алуға септігін тигізіп келеді.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Әйтеке би аудандық Пробация қызметі, пробация есебінде тұрған сотталғандарды “Атамекен” ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Әйтеке би ауданындағы филиалының директоры Ербол Бозбетовпен кездестіріп, “Бизнес бастау” жобасы бойынша толық мәлімет алуларына мүмкіндік сыйлады.

“Атамекен” ҚР ҰКП Әйтеке би филиалының директоры кездесу барысында есепте тұрған сотталған азаматтарға өз бизнестерін бастауға көмектесетін ең қажет ақпараттармен бөлісіп, сотталғандарды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Әйтеке би аудандық пробация қызметінің инспекторы Азамат Бақтыбаевтың айтуынша, жалпы жыл басынан бері аталған пробация қызметінің қолдауымен есебінде тұрған төрт сотталған азамат “Атамекен” курстық оқуына жолдама алған болса, күні бүгін олардың ішіндегі оқу курсын аяқтаған бір сотталғанға комиссия шешімімен қайтарымсыз грант беру қарастырылуда. Қалған екі есепте тұрған сотталған азаматтың біреуі квота арқылы жұмысқа орналасса, екіншісі өз бетінше жұмысқа тұрған. Ал бір сотталған қазіргі уақытта онлайн курс арқылы білім алуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру