Қоғамдық жұмысты орындамаған қызылордалық бас бостандығынан айырылды
Қоғамдық жұмысты орындамаған қызылордалық бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Арал қаласының тұрғыны Ж.есімді ер адам 2021 жылдың 26 ақпан күні Ақтөбе қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі, 1, 3-тармағымен кінәлі деп танылып, үш жыл бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, жазасының барлық мерзімінде 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту белгіленген.
Пробация есебіне алынған ер адам пробация қызметінің талаптарына бағынбай, сот үкімінде көрсетілген 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа шықпай, пробация қызметкерлерінің ескертулеріне құлақ аспаған. Пробация қызметкерлері Арал аудандық сотына жазасын орындамаған сотталғанға байланысты бас бостандығын айыру үшін ұсыныс жолдаған.
15 маусымда онлайн режимінде сот отырысы өтіп, Арал аудандық сотының қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі екі жыл тоғыз ай екі күн бас бостандығынана айыру жазасына ауыстырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.