Қазақстан полициясының күні: Алматы қалалық ПД ең жақсы патрульдік полиция қызметкерін ұсынды
Полиция аға лейтенанты Азамат Шымбаев ішкі істер органдарында жетінші жыл қызметте, бүгінде ол Алматы қалалық ЖПҚ патрульдік полиция Полкінде қызмет етеді. Бұл күндері ол қаланың Жетісу ауданында заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етеді.
– Мен бала кезімнен осы мамандықты армандадым. Өзімнің арманыма қарай адал жүрдім. Жұмысымызда әртүрлі жағдайлармен кездесеміз: келесі сәтте бізді не күтіп тұрғанын білмейміз. Бірде бір оқиға болды. Азық-түлік дүкеніндегі ер адам алдымен сатушының назарын аудара бастады, содан кейін балта тәрізді доғал, ауыр затпен әйелді бір ұрып, тонап кетті. Біз «ізін суытпай» қарақшыны ұстадық. Ол – бұрын бірнеше рет сотталған. Айғақты заттар және қылмыс құралы өзімен бірге болды, – деді аға лейтенант Шымбаев.
– Әрине, кез-келген ана баласына алаңдайды. Әсіресе, егер оның жұмысы қауіп-қатерге толы болса. Біз мақтан тұтамыз. Азамат – біздің ғана емес, ол – халықтың ұлы. Ол аналардың тыныштығын ештеңе көлеңкелемеуі үшін елдегі тыныштық пен игілік үшін қызмет етеді. Мен барлық полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен – Қазақстан полициясы күнімен құттықтаймын. Қызметтерінде сәттілік және мықты денсаулық тілеймін, – деді Азаматтың анасы Гүлзада Себекова.