Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында күш құрылымдары арасында жарыс өтті

Жамбыл облысында күш құрылымдары арасында жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 19 маусымында Қазақстан полициясының 29 жылдығына орай “Динамо” спорт кешенінде Жамбыл облысының күш құрылымдары арасында шағын футболдан турнир өтті.
Аталған жарысқа ҰҚКД, ТЖД, ҚАЖД, ПД, Тараз қалалық ПБ, облыстық прокуратура,  5513 ә/б және басқа да құрылымдардан 13 команда қатысты.

Турнирдің салтанатты ашылуына Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция Жанат Сүлейменов қатысты.

Жарыс екі алаңда өтті, әр тайм 10 минутқа созылды. Командалар төрт топқа бөлінді. Финалдық ойында Жамбыл облысы ҰҚКД және Полиция департаментінің құрама командалары кездесті.

1:0 есебімен ҰҚКД командасы жеңіске жетті, екінші орынды Полиция департаментінің  қызметкерлері иеленді. Үшінші орын үшін ДГД және Тараз қаласы Полиция басқармасының құрама командалары күресті. 3:0  есебімен ДГД командасы жеңіске жетіп, үшінші орынды иеленді.

Барлық номинанттар естелік мүсіндермен, ал жүлдегерлер мен жеңімпаздар медальдарға, кубоктарға, дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру